07.09.2010, 15:55 2966

Қазақстан газының Ресейге сатылатын бағасын төмендету мәселесі көтерілмейді - Мәсімов

Қазақстан газының Ресейге сатылатын бағасын төмендету мәселесі көтерілмейді. Бұл туралы бүгін Иркутск қаласында өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумында журналистерге Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің.

Алматы. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан газының Ресейге сатылатын бағасын төмендету мәселесі көтерілмейді. Бұл туралы бүгін Иркутск қаласында өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумында журналистерге Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің.

Мәсімовтың айтуынша, Қазақстан газын сатып алу бағасы Ресей жасалған бұрынғы келісім шарттар аясында қалады және де "Газпром" сатып алу бағасын төмендету туралы тиісті ұсыныс жасамаған.

К.Мәсімов сондай-ақ, Қазақстаннан газ экспорттаумен Қазақстан үкіметі мен "ГазПром" ААҚ 50 пайыздық тең негізде иелік ететін "ҚазРесГаз" компаниясы айналысатынын еске салды.

2010 жылы "ГазПром" қазақстандық газды 2009 жылғы деңгейде сатып алатынын бұған дейін хабарлаған болатын. Былтыр "Газпром" 37,3 миллиард текшеметр орталықазиялық газ сатып алды, оның ішінде, 11,8 миллиард текшеметрі - Түркіменстаннан, 15,4 текшеметрі - Өзбекстаннан, 10,1 миллиард текшеметрі - Қазақстаннан сатып алынды. Орталықазиялық газ Украинаға және Закавказ елдеріне жеткізіледі. 2007 жылдан бері Қазақстанның оңтүстігінің тұтынушылары өзбек газымен қамтамасыз етіліп келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны