06.04.2007, 10:37 1730

Қазақстан Грузия үшін бірінші нөмірлі инвестор болуы мүмкін - Зураб Ногаидели

ТБИЛИСИ. 6 сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылы Қазақстан Грузия үшін бірінші нөмірлі инвестор болуы мүмкін,-деді кеше Тбилисиде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовппен өткен кездесуден кейін Грузия премьер министрі Зураб Ногаидели. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

"Көптеген жобалардың қаржыландыруы жаңа басталып жатқанына қарамастан, біз Қазақстанның Грузия үшін бірінші кезектегі инвестор болатынына сенімдіміз",-деп мәлімдеді Грузия премьер министрі Зураб Ногиадели. Бұл ретте премьер министр 2006 жылы Қазақстан Грузия экономикасына $ 152,3 млн салып, басқа инвесторлар арасында үшінші орынды иемденді деп атап өтті.

З.Ногаиделидің айтуынша, Грузия үшін қазақстандық компаниялардың Батуми мұнай өндіру зауытының құрылысы мен Поти айлағында астық сақтау орнының құрылыстарына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқандығы мен Оңтүстік Кавказ көлік дәлізінң жобасына инвестиция салуларына айтарлықтай маңыз беріп отыр.

Грузия премьер министрінің айтуынша, Оңтүстік Кавказ көлік дәлізінен пайда көп түседі деген болжам бар. Сондықтар Грузия "қазақстандық жүк легінің артуына бар мүмкіндік жасауға тырыспақ".

"Біз бұл дәліздің географиялық жақтан неғұрлым қысқа, әрі қолайлы болғанын, сондай-ақ, жүк тасымалдаушылар үшін басқа жолдарға қарағанда ыңғайлы болғанын көздейміз",- деді З Ногиаидели.

Өз кезегінде К.Мәсімов Қазақстанның Грузия экономикасына инвестиция салуды жалғастыра беретіндігін айтты . Бұл негізінен Поти айлағында астық терминалының құрылысы мен Грузияның мұнай өңдеу өндірісін дамытуға қатысты болмақ деді.

Премьер министрдің айтуынша, Қазақстан бидай, энергетика қорлары мен өзге де өнімдерін дәл осы дәліз арқылы тасымалдауға мүдделі. Алайда бұл үшін алда тағы да көптеген кездесулер мен келіссіөздер жүргізген абзал деді.

"Қазақстан оңтүстік кавказ көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдауға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан астық, энергетика қорларын, сонымен қатар өзге де жүк түрлерін тасымалдауды көздеп отыр",-деді К.Мәсімов.

Грузия премьер министрімен болған кездесуға баға бере отырып, К.Мәсімов екі жақтың өте маңызды мәселелер төңірегінде әңгімелескендігін айтты.

Бұл негізінен энергетика, газ, мұнай және қазақстандық компаниялардың грузин экономикасына инвестиция салуына қатысты болды.

К.Мәсімовтың айтуынша, Грузия экономикасына инвестиция тартуға себеп болған екі ел президенттерінің 2006 жылғы наурыздағы кездесуі болды.

"Менің ойымша, Қазақстан мен Грузия президенттерінің сол кездесуінде қол жеткізілген шешімдер мен мақсат- міндеттер Қазақстанның Грузия экономикасына инвестиция салуына бағыт-бағдар көрсетті. Кейінгі екі жылда екі елдің экономикалық қарым-қатынасында ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер болды деп санаймын",-деді Қазақстан премьер министрі.

Премьер министр К.Мәсімов бастаған қазақстандық делегация Тбилисиге сәрсенбіде екі күндік іссапармен барған болатын. Іссапар аясында Батыс Грузияға бару да ойда бар. Онда еліміздің делегациясы курорттық Кобулети қаласында, Батумидегі мұнай терминалы мен теңіз сауда портындағы Қазақстанның инвестициялық нысандарын аралап көрмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны