18.03.2015, 20:04 4675

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және оныӊ еншілес ұйымдары (бұдан әрі - Банк) 114.4 млрд. теӊге таза кіріс тапты, бұл былтырғы ұқсас көрсеткіштен 58%-ға асады.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова: "Қолайсыз сыртқы конъюнктураға, Қазақстанныӊ қаржы нарығындағы кейбір секторларыныӊ тарылуы мен монополизациялауына байланысты 2014 жылдағы оӊайға соқпаған жағдайларда "Halyk" Тобы кезекті рет өзініӊ барлық күшін ортамерзімдік Даму стратегиясында белгіленген міндеттерді орындауға жұмылдырып, жыл қорытындысы бойынша керемет нәтижелер көрсетті, - деді, - Топ HSBC халықаралық қаржы конгломератынан оныӊ қазақстандық еншілес банкініӊ акцияларыныӊ 100 %-н сатып алу және оны кейіннен "Altyn Bank" АҚ-қа ребрендинг жүргізу жөніндегі жобаларды табыстылықпен іске асырды. Бұған қоса Банк China Union Pay (CUP) - UnionPayInternational (UPI) қытай төлем жүйесініӊ халықаралық бөлімшесімен серіктестікті кеӊейтті, соныӊ ішінде бірегей ко-брендтік төлем карталарын шығару арқылы. Банктіӊ 2014 жыл ішіндегі тиімді жұмысы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердіӊ жоғары бағаларымен расталды", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеке алғанда, Топ 2014 жылы келесідей қаржы көрсеткіштерімен аяқтады. Таза кіріс 2013 жылға қарағанда, 58.0%-ға ұлғайып, 114.4 млрд. теӊгені құрды;

Құнсыздануға резервтерге аударуға дейінгі таза пайыздық кіріс көбінесе клиенттерге берілген заемдар бойынша орта қалдықтардыӊ өсуі есебінен 24.9%-ға өсті. Құнсыздануға резервтерге аудару көбінесе 2014 ж. алғашқы үш тоқсаны ішінде кейбір корпоративтік клиенттердіӊ мерзімі өткен берешектерін өтеуі есебінен 71.6%-ға төмендеді. Оныӊ нәтижесінде таза пайыздық кіріс 56.0%-ға өсті. Қызметтер бойынша кірістер мен транзакциялық банкингтен түсетін комиссиялар Банктіӊ транзакциялық бизнесініӊ көлемі ұлғайғандықтан 11.7%-ға өсті.

Таза пайыздық маржа 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 4.9%-ға қарағанда жылдығы 5.8%-ға дейін өсті, операциялық шығыстардыӊ операциялық кірістерге деген ара қатыстығы 2013 жылғы 12 ай бойынша 31.4%-дан 29.6%-ға дейін төмендеді, орта меншікті капиталған қайтару (RоAE) 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 20.8%-ға қарағанда жылдығы 27.1%-ға дейін ұлғайды, ал орта активтерге қайтару 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 2.9%-ға қарағанда жылдығы 4.1%-ға дейін ұлғайды.

Операциялық шығыстар 2013 жылғы 12 айға қарағанда көбінесе 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Банк қызметкерлерініӊ жалақысын және 2014 жылғы 4-ші тоқсанда Банк қызметкерлеріне төленген бастамашыл бонустарды қайта қарау нәтижесінде 13.8%-ға өсті. Сонымен қатар негізгі құралдардыӊ бөлек кластары бойынша амортизация мерзімін ұзартты, оныӊ нәтижесінде тозу мен амортизацияға шығыстар 12.6%-ға төмендеп, осы арқылы операциялық шығыстардыӊ жалпы өсуін ұсталып қалды.

2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда активтердіӊ 12.1%-ға өсуі көбінесе негізгі қаражатта (25.1%), клиенттерге берілген заемдарда (11.2%), ақша қаражаты мен олардыӊ баламасында (11.2%) және сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарда (10.2%) орын алды.

Клиенттерге берілетін заемдар 2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда брутто негізінде 7.1%-ға және нетто негізінде 11.2%-ға өсті.

NPL 90+ көбінесе 2014 ж. қазан мен желтоқсанда мерзімі өткен берешкті өтеу есебінен 2014 жылғы 30 қыркүйекке қарағанда 2014 жылғы 31 желтоқсанда 12.9%-ға дейін төмендеді. Банк 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша NPL 90+ 114.6%-ға жабатын ХҚЕС провизияларын құрды.

Заӊды тұлғалардыӊ мерзімдік депозиттері 31.6%-ға төмендеді, ал заӊды тұлғалардыӊ ағымдағы шоттары көбінесе қаржы нарықтарыныӊ тұрақсыздығы аясында Банктіӊ корпоративтік клиенттерініӊ қаражатын теӊгеден валютаға ішінара аударуы салдарынан 2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 32.6%-ға ұлғайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны