20.11.2012, 15:27 2620

Қазақстан халық банкі мен еншілес ұйымдарының 9 айдағы таза пайдасы 54 млрд. теңгеге жетті

Оны Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бүгін "Халық" тобының 9 айдағы біріктірілген қаржылық нәтижесіне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Алматы. 20-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан халық банкі мен еншілес ұйымдарының 9 айдағы таза пайдасы 54 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан халық банкі мен еншілес ұйымдары жылды 60 млрд. теңге көлеміндегі таза табыспен аяқтау туралы жоспарын асыра орындамақ.

Оны Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бүгін "Халық" тобының 9 айдағы біріктірілген қаржылық нәтижесіне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

"Үстіміздегі жылдың үш тоқсаны барысында Халық тобы тұрақты өсім трендін жалғастырды. Даму қарқыны мен серпілісін ескере отырып, біз жылдың аяғына дейін 60 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланған таза пайда көрсеткішінен асып түсе алатындығымызға сенімдіміз. Биылғы жылы қабылданған "Халық" тобының 2013-2015 жылдардағы стратегиялық дамуының негізгі бағыттарына" сәйкес жақын арадағы болашақта халық тобы өзінің жетекшілік рөлін сақтап қалуды көздейді", - деді Үміт Шаяхметова. Оның айтуынша, "Қазақстан халық банкі" АҚ мен оның еншілес ұйымдары 9 айдың нәтижесі бойынша таза пайда өсімін айтарлықтай арттырып, шамамен 92 пайызға немесе 54 млрд. теңгеге жеткізді. Транзакциялық бизнес ауқымының ұлғаюы нәтижесінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсетуден түскен табыс пен транзакциялық банкинг бойынша комиссия көлемі 17 пайызға артты. Зейнетақы қорын және активтерді басқарудан алынған таза комиссиялық табыс 2,4 есеге өсті, ал еншілес зейнетақы жинақтау қоры активтерінің мөлшері 1 трлн.теңгеден асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны