20.12.2012, 10:43 2902

Қазақстан Халық Банкі UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне енді

Шанхайда China UnionPay (CUP) төлем жүйесінің халықаралық бөлімшесі - UnionPay International (UPI) жүйесінің ресми тұсаукесері өткізілді. Қазақстан Халық банкі жаңа төлем жүйесінің негізін қалаушылар құрамына кірді әрі UPI ресми мүшесі атанды.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Халық Банкі UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне енді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шанхайда China UnionPay (CUP) төлем жүйесінің халықаралық бөлімшесі - UnionPay International (UPI) жүйесінің ресми тұсаукесері өткізілді. Қазақстан Халық банкі жаңа төлем жүйесінің негізін қалаушылар құрамына кірді әрі UPI ресми мүшесі атанды.

Аталған салтанатты рәсім аясында UPI негізін қалаушы және оның мүшесі болып табылатын компаниялардың өзара бас қосып, оған 60-тан астам қытайлық және шетелдік коммерциялық банк қатысты. Кездесу барысында UnionPay International жүйесіне мүшелікке өтудің жалпы ережелері талқыланып, қол қойылды. Сонымен қатар, жүйеге қатысушылардың арасынан UnionPay International-дың жұмыс органы - Member Council (Өкілдер кеңесі) сайланды және оған 24 қаржылық ұйым мүше болып кірді. Қазақстан Халық банкі Консультанттар Басқармасының (Соuncil's Board) құрамына Шығыс және Орталық Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің өкілі ретінде енгізілді.

Тұсаукесерлік шара шеңберінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова UPI Президенті, China UnionPay атқарушы вице-президенті, Цай Джинбу мырзамен кездесіп, ынтымақтастық қарым-қатынастың одан арғы даму болашағын талқылады.

Өткізілген іс-шараға ҚХР мемлекеттік және қаржылық секторларының өкілдері ретінде 200-ге жуық түрлі компаниямен қатар, China UnionPay төлем жүйесінің серіктестері болып табылатын бірқатар шетелдік банктердің өкілдері де қатысты.

UnionPay қытайлық төлем жүйесі Қытай Халық банкінің қолдауымен 2002 жылы елдегі жетекші банктер күшімен құрылған болатын. Екі жыл өткеннен кейін-ақ компания қызметі ҚХР аумағынан тыс жерлерге тарала бастады және қазіргі уақытта бұл қызметпен дүние жүзінің 135 елі қамтылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны