22.10.2015, 13:02 4157

Қазақстан халқы 2020 жылға қарай өз табысын декларациялайды

Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жеке тұлғалардыӊ кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жеке тұлғалардыӊ кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Азаматтардыӊ Декларациялау жүйесіне "кіруі" кезеӊ-кезеӊмен жүзеге асырылуы ұсынылады. Мәселен, 2017 жылы Декларациялау жүйесіне халықтыӊ неғұрлым дайындалған бөлігін тарту болжанады. Бұл депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ олардыӊ жұбайлары. Сонымен қатар, бірінші кезеӊде, ілкі жоба ретінде ұлттық компаниялардыӊ әкімшілік персоналын және мемлекеттік кәсіпорындардыӊ қызметкерлерін декларациялау жүйесіне кіргізу ұсынылады. Ал жалпыға бірдей декларациялаудыӊ екінші кезеӊі 2020 жылға қарай жоспарланып, оған халықтыӊ қалған бөлігін тарту көзделген", - деді Б. Сұлтанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Жалпыға бірдей декларациялауға көшу соӊғы уақытта қоғамда қызу талқыланып келеді. Көптеген дамыған елдер жеке тұлғаларды дербес декларациялау жүйесін салықтардыӊ толық төленуін қамтамасыз ету және көлеӊкелі экономикаға қарсы іс-қимылға арналған тиімді құрал ретінде бағалайды.Сондықтан да бүгінгі заӊ жобасы Елбасыныӊ осы бағыттағы тапсырмасын жүзеге асыру үшін және Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды енгізу үшін заӊнама негізін құрайды", - деді Қаржы министрі.

Оныӊ айтуына қарағанда, заӊ жобасыныӊ негізгі бөлігі жеке тұлғалардыӊ декларация толтыру және оны тапсыру рәсімдерін регламенттеуге арналған. Атап айтқанда, декларация тапсыруға міндетті болатын тұлғалар дәл анықталады. Сонымен қатар, декларациялардыӊ нысандары, оларды толтыру қағидалары мен табыс ету мерзімдері айқындалады.

Оныӊ айтуынша, Декларациялау жүйесініӊ өзі екі түрлі декларация ұсынуды көздейді. Оныӊ біріншісі - бір рет қана тапсырылатын "кіріс" декларациясы әрі бұл "активтер және міндеттемелер туралы декларация" деп аталады. Онда жеке тұлғалар кірген жылыныӊ басында елімізде және шетелдегі жинақталған қаражаты және мүлкі туралы мәліметтерін көрсетеді, сондай-ақ өзініӊ басқа адамдарға қарыздарын және егер бар болса, керісінше, басқа адамдардыӊ өзіне қарыздарын көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны