14.05.2014, 21:37 2923

Қазақстан инвестицияның жаңа толқынын күтуде- ЭБЖМ

"Қазақстан инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту мақсатында жаңа талпыныс жасауға ниетті. Қазіргі уақытта инвесторлар үшін кедергілерді жоюға, жаңа инвестициялық тетіктер құруға, қолдауға бағытталған ынталандыру жолдары енгізілуде", - делінген хабарламада.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Астанада өткен Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің (АДБ) 47-мәжілісі, күткендегідей, Қазақстанды шетелдік инвестиция үшін тартымды мемлекет ретінде көрсетудің зор мүмкіндігіне айналды.

Халықаралық инвестициялық конференция экономиканың түрлі секторында жұмыс жасайтын әртүрлі компаниялардың Қазақстандағы жобаларға деген ерекше қызығушылығын туғызды, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.

"Қазақстан инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту мақсатында жаңа талпыныс жасауға ниетті. Қазіргі уақытта инвесторлар үшін кедергілерді жоюға, жаңа инвестициялық тетіктер құруға, қолдауға бағытталған ынталандыру жолдары енгізілуде", - делінген хабарламада.

Toyota Tsusho Corporation Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Такуя Ичихаши "бизнестік әріптестерін" Toyota салған жолмен Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Ал, Toyota Tsusho Corporation компаниясының өзі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін инвестициялау арқылы Қазақстанда ұзақ уақыт жұмыс жасауға дайын.

Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы тау-кен-металлургиялық кешенінен -мұнай-газ саласына және аграрлық секторға дейінгі кеңістікті қамтыды.Инвесторлар қазақстандық нарыққа шығып, бірлескен кәсіпорындарды дамытуға, өз мүмкіндіктерін кеңейтуге дайын. Оның үстіне мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны