27.04.2010, 14:53 3486

Қазақстан инвесторлар үшін ТМД экономикалық кеңістігіне апаратын сенімді көпір - Назарбаев

"Бүгінде Қазақстанда ең қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Инвесторлар үшін біздің еліміз ТМД, Кеден одағы, Каспий өңірі және Орталық Азияның экономикалық кеңістігіне апаратын сенімді көпір. Қазір әлемдік қоғамдастықта қазақстандық даму жолы туралы айтатын болды",- деді Н.Назарбаев.

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан инвесторлар үшін ТМД экономикалық кеңістігіне апаратын сенімді көпір. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық Медиафорумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгінде Қазақстанда ең қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Инвесторлар үшін біздің еліміз ТМД, Кеден одағы, Каспий өңірі және Орталық Азияның экономикалық кеңістігіне апаратын сенімді көпір. Қазір әлемдік қоғамдастықта қазақстандық даму жолы туралы айтатын болды. Бізді сыйлайды, өйткені біз күшті экономикасы бар және халықаралық қоғамдастықтағы берік ұстанымға ие аймақтық мемлекетті құрдық. Оны нығайту үшін ең батыл қадамдар жасаймыз", деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазір Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі Орталық Азиядағы елдердің барлығының экономикасынан артық.

"Экономикадағы оң өзгерістер Қазақстан халқының өмір деңгейінің қарқынды өсуімен ілесе жүретін болады. Бұл орайда біз қоғамда жоғарғы әл-ауқат жасау жолында әлі де қиындықтар көп екенін біз білеміз. Біздің даму жоспарларымыз дәл осыған бағытталған, сол себепті де біз бірінші кезекте Қазақстанның білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласын дамыту мақсаттарын шешіп жатырмыз, құқықтық реформаларды жүзеге асырудамыз", - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстаның тәжірибесі көптеген транзиттік мемлекеттерге үлгі бола алады. Бүгінде Орталық Азиядағы барлық мемлекеттер Еуразиялық қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы өзінің зор жауапкершілігін толық ұғынуы тиіс. Бұл жерде әңгіме бірінші кезекте аймақтағы әрбір елде берік бейбітшілік пен тыныштық, тұрақты даму қажеттілігі жөнінде. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ғаламдық қоғамдастықтың жауапты мүшесі болуға мүдделі екенін паш етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны