13.02.2008, 16:50 2990

Қазақстан Канадамен ДСҰ мүшелігіне ену жөнінде келіссөздерді аяқтады

Қазақстан Канадамен ДСҰ мүшелігіне ену жөнінде келіссөздерді аяқтады

Астана. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Канадамен Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне ену жөнінде келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда вице-министрі, ДСҰ мүшелігіне ену жөнінде келіссөздеріндегі Қазақстанның арнайы өкілі Жанар Айтжанова құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін Канада мен Қазақстан арасында ДСҰ аясында екі жақты келіссөздердің аяқталуына байланысты құжаттарға қол қойылды", -деді Ж. Айтжанова.

Ол атап өткеніндей, "келіссөздер екі жаққа тиімді шарттармен аяқталды". "Қазақстан темекі, виски, ұшақтар сиқты тауарлардың кедендік импорттық тарифтерін төмендету жөнінде мәмілеге келуіне тұра келді. Сонымен бірге біз отандық ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің мүддесін қорғап қалдық ", - деп атап өтті Ж. Айтжанова.

Қазақстан 1996 жылдан бері ДСҰ мүшелігіне ену жөнінде келіссөздерді жүргізуде. Естеріңізге сала кетсек, ҚР ДСҰ мүшелігіне кіру жөнінде жұмыс тобына ДСҰ қатысушы 38 мемлекет кіреді. Оның 25-мен қазір екі жақты келіссөздер жүргізілуде.

Бүгінгі күні Канаданы ескергенде екі жақты келіссөздердің хаттамаларына 20 мемлекетпен қол қойылған. Сонымен, АҚШ, ЕО, Австралия, Үндістан, Канада сияқты бес мемлекетпен екі жақты келіссөздерді жүргізу қалды.Қазақстан ДСҰ мүшелігіне ену жөнінде барлық келіссөздер келесі жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны