27.10.2009, 18:18 2971

Қазақстан қараша айында Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің параллель жұмыс істеу режимінен шығуды жоспарлауда - KEGOC

Қазақстан қараша айында Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің параллель жұмыс істеу режимінен шығуды жоспарлауда - KEGOC

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан қараша айында Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің параллель жұмыс істеу режимінен шығуды жоспарлауда, осындай мүмкіндік бар. Бұл туралы ақпаратты "Қазақстанның Электр желілерін басқару жөніндегі кoмпaниясы" акционерлік қоғамы ("KEGOC" АҚ) бұқарамен байланыс бөлімінің бас менеджері Марат Мұхамедсалиев растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің параллель жұмыс істеу режимінен шығуға бел байлауға рұқсатсыз қуат алу оқиғалары себеп болған. "Біріккен энергетикалық жүйе тарапынан, атап айтсақ, Тәжікстан тарапынан шарттан тыс энергия алу көлемі 100 млн кВт-сағатқа жетті", - деді "KEGOC" өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны