01.08.2008, 16:03 3029

Қазақстан кәсіпкерлері Қырғызстандағы төрт су электр станциясының құрылысына инвестиция салуға дайын

Қазақстан кәсіпкерлері Қырғызстандағы төрт су электр станциясының құрылысына инвестиция салуға дайын

Бішкек. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан кәсіпкерлері Қырғызстандағы төрт су электр станциясының құрылысына инвестиция салуға дайын". Бұл жөнінде бүгін "Шағын су электр станцияларының дамуы" атты баспасөз мәслихатында "Чакан су электр станциясы" ААҚ бас директоры Нурдин Кожогулов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Н. Кожогулов әзірге Қазақстан тарапынан инвестор ретінде шығатын ұйымның атын атаудан бас тартты. Алайда, ол кәсіпкерлер салуға дайын ақша көлемін жариялады. "Жоба 50 млн АҚШ долларына есептелген. Оның 30 млн долларын Қазақстан кәсіпкерлері гидроэнергетикалық жобаға инвестициялайды", - деп атап көрсетті ол.

Н. Кожогулов нысандардағы құрал-жабдықтар ең заманауи болатындығынан хабардар етті. "Біздің Чехиядан сатып алатын техникамыз соңғы технологияларға сай жасалған. Бұл Қытай техникасын сатып алғанға қарағанда анағұрлым пайдалы. Оның үстіне Чехиядан әкелінетін құралдардың пайдалану мерзімі мен сапасы әлдеқайда жақсы", - деді Н. Кожогулов.

"Мұның барлығы шағын су электр станциялары салынатын өңірлердің барлық қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны