19.10.2006, 17:19 3871

Қазақстан қазір Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде 8 елмен белсенді келіссөздер жүргізуде - индустрия және сауда вице-министрі

АСТАНА. 10-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан қазір Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде ұйымға мүше 8 елмен белсенді келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жолында: бизнестің мүддесі" атты "дөңгелек үстел" барысында Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздердегі ҚР арнаулы өкілі, еліміздің индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бастапқыда Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі жұмыс тобында ұйымға мүше 39 ел болған, соның ішінде 24 елмен келіссөздер жүргізілді, деді Ж.Айтжанова. "Біз 15 елмен келіссөздерді аяқтап, тиісті хаттамаға қол қойдық",- деді вице-министр. Оның айтуынша, Грузия, Пәкістан, Түркия, Иран, Корея, Оман, Жапония, Мексика, Куба, Норвегия, Гондурас, Доминикан Республикасы мен Болгария бар. Сондай-ақ, Мысырмен де келіссөздер аяқталды, хаттамаға қараша айында Мысыр елі өкілдерінің елімізге ресми сапары кезінде қол қойылады деп күтілуде.

"Қараша айында Швейцариямен және Малайзиямен келіссөздерді аяқтау межеленген. Бұл елдермен басты мәселелер бойынша келісімге келдік",- деді Ж.Айтжанова. Оның айтуынша, қазір Австралия, ЕО елдері, АҚШ, Канада, Бразилия, Үндістан және Монғолия секілді 8 елмен белсенді келіссөздер жүргізілуде. Соның ішінде 4 елмен қызмет көрсету рыногына шығу жөнінде, 8 елмен тауар рыногына шығу жөніндегі келіссөздер аяқталған жоқ.

Ал БҰҰ мен Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдардағы Финляндия елшісі Вес Химаненнің айтуынша, "соңғы екі жылда Қазақстан жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 15 хаттамаға қол қойылды". "Республикадағы ағымдағы экономикалық ахуал Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге аса қолайлы, оның үстіне бұл ұйымға мүшелікке өту елдің саяси және экономикалық талпыныстарын аймақтағы көшбасшылық ма0сатына қарай шоғырландыруға мүмкіндік береді",- деді ол. "Сіздің елдің келіссөздері дұрыс бағытта ілгерілеуде, бұл болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді",- деді В.Химанен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны