01.03.2010, 18:40 3655

Қазақстан Кедендік одақ шеңберінде жалпы кедендік баж салықтары көлемінің 7,36%-ын алады - Шүкеев

Қазақстан Кедендік одақ шеңберінде жалпы кедендік баж салықтары көлемінің 7,36%-ын алады - Шүкеев

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеуде 26 ақпанда өткен Кедендік одақ комиссиясының отырысы барысында Қазақстан Кедендік одақ шеңберінде жалпы кедендік баж салықтары көлемінің 7,36%-ын алады деген шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысының қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Өмірзақ Шүкеев еске салып өткендей, "іс жүзінде "ортақ қазаннан түсетін" кедендік баж салықтарының көлемі мынадай болған: Ресей - 92%, Беларусь - 3,5% және Қазақстан - 3,5%".

"Кедендік тарифтер өзгеруге байланысты, Қазақстанға келсек, бірқатар жағдайларда олар көтерілді. Аса күрделі жұмыстардың нәтижесінде осы баж салықтарын таратудың принципі келісіліп бекітілді. Қазақстанға Кедендік одақ шеңберінде жалпы кедендік баж салықтары көлемінің 7,36%-ы тиіп отыр", - деді Ө. Шүкеев.

Оның айтуынша, "қосымша есептеулерге, мысалы, автокөліктерге баж салықтарын қайта есептеу нәтижесінде кейбір белгілі бір өзгерістер енгізілуі мүмкін". "Бірақ ол болмашы ғана өзгеріс болады. Біз кедендік баж салықтарын түпкілікті бөлісу мөлшерін бекітуге жақынбыз", - деді бірінші вице-премьер.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстан "Кедендік одаққа мүшелікке өтуден еш ұтылмайды". "Үш елдегі кедендік баж салығы өткен жылғыдан кемиді деп ойламаймын", - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан бюджетіне кедендік баж салықтарынан түскен түсім 97 млрд теңге болған.

"Ирине, дағдарысты құбылыстар болмайды деуге келмейді, импорт көлемі азаюы мүмкін, бірақ дегенмен, Қазақстан бюджеті қандай жағдайда ұтысқа ие болады",- деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны