07.09.2016, 13:50 4010

Қазақстан кен орындарыныӊ мұнай өндіруін арттыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ және "Шелл Қазақстан Б.В." өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ және "Шелл Қазақстан Б.В." ?зара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеӊберінде газды өндіру мен мұнайгаз-химия нарықтарын зерттеу саласында ынтымақтастық, қазақстандық кен орындарыныӊ мұнай беру көлемін жоғарылату әдістерін зерттеу, тәжірибе мен жаӊа технологиялармен алмасу, сондай-ақ энергияныӊ жаӊартылатын көздері саласында жобаларды дамыту ықтималдығын зерттеу жоспарланып отыр.

"Шелл" компаниясымен, "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансГаз" компанияларымен меморандум жасасу мемлекеттік және коммерциялық сектормен әріптестік орнатуыныӊ жағымды үлгісі болып табылады. Біз, қазақстандық мұнай-газ саласындағы мамандардыӊ білімі және "Шелл" компаниясыныӊ халықаралық тәжірибесі елімізде өндірісті жан-жақты дамытатын энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді деп сенеміз, бұл жалпы алғанда ұлттық экономиканыӊ бәсекелестікке қабілеттілігіне өзініӊ тиімді әсерін тигізеді, - деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

"Қол қойылған меморандум шеӊберінде біздер мұнай-газ саласындағы қолда бар объектілерді дамытудыӊ ықтимал мүмкіндіктерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, Қазақстанныӊ өндіру саласын дамытудыӊ жол картасы шеӊберінде "Шелл" компаниясымен бірлескен жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ энергетикалық технологиялар саласында және жалпы тұрақты энергетиканы дамытуда тәжірибемен алмасуды жоспарлап отырмыз" - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Президенті Сауат Мыӊбаев.

"Біз "Шеллдыӊ" Қазақстан Республикасына келгеннен бергі көп жыл ішінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде орнаған өзара қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймыз. Біздіӊ компания ҚазМұнайГазбен және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті бұдан әрі нығайтуға ниетті. Біз, Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және ҚазТрансГаз арасында қол қойылған меморандум арқасында елдіӊ мұнай-газ секторыныӊ дамуына қосымша үлес қосуға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Біз барынша қолдау көрсетуге және газды қайта өӊдеу бойынша мүмкіндіктерді зерделеу үшін, мұнай беруді жақсарту және жаӊартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда өзіміздіӊ техникалық алдыӊғы қатарлы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз", - деді өз сөзінде "Шелл" концернініӊ мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны