12.07.2006, 19:14 3014

Қазақстан Қырғызстан экономикасына жұмсаған инвестициясының көлеміне қарай алдыңғы орында

БІШКЕК. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Қырғызстан экономикасына жұмсаған инвестициясының көлеміне қарай 49 елдің арасында алдыңғы орында. Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“2006-жылдың 1-тоқсанында Қырғызстан экономикасына Қазақстаннан 14,8 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция жұмсалды. Жарты жыл мен жыл қорытындысы бойынша да өсім тіркелетініне сенімдімін”,- деп мәлімдеді Ө.Өзбеков. Оның айтуынша, былтыр Қырғызстанға Қазақстаннан 40,3 млн. доллардың инвестициясы келді. Бұл 2004-жылғы көрсеткіштен 2,6 есе артық.

“Қазақстан көршілері кедей әрі тауқыметтен құтыла алмай жатқанда жекелеген бір елдің гүлдене дамуы мүмкін емес екенін жақсы ұғынады. Осыған байланысты Қазақстан аймақтағы барлық елдің, соның ішінде Қырғызстанның да тұрақты дамуынан мүдделі. Сол себепті өз көршілеріне материалдық және ақшалай инвестиция салу арқылы көмек қолын созуға талпынады”,- деді Ө.Өзбеков.

Оның айтуынша, 2006-жылдың 1-тоқсанында Қазақстандық инвесторлар Ыстықкөл облысындағы Курмент цемент зауытын қайтадан пайдалануға берді. Сонымен бірге 10-шілдеде Ақсу жүгері өңдеу комбинаты ресми түрде жұмыс істей бастады. Бұған қоса таяу уақыттарда Канттағы жергілікті материалдарды өңдейтін зауыттың екінші желісі іске қосылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір Қырғызстанда 400-ден астам Қазақстанмен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны