15.02.2008, 17:30 3082

Қазақстан Қырғызстанға мазут экспортын тоқтатты

Қазақстан Қырғызстанға мазут экспортын тоқтатты

Бішкек. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қырғызстанға мазут экспортын тоқтатты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі республикадан мазут экспорттауға уақытша тыйым салуына байланысты "Қырғызмұнайгаз" ААҚ Қырғызстанның жылу электр станцияларына мазут жеткізуші жалғыз компания болып қалып отыр.

"Қазақстанда жанар-жағармаймен қамтамасыз етудің қиын жағдайы (күннің суытуы мен Өзбекстаннан газ тасымалының шектелуі) тыйым салуға себеп болып отыр. Қазіргі таңда "Қырғызмұнайгаз" ААҚ Қырғызстанның жылу электр станцияларына жалғыз мазут жеткізуші компания болып отыр", - деп хабарлайды "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны