31.05.2011, 14:01 6809

Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатын импорттауға шектеу қоюы қажет

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, инвестициялық міндеттемелерді орындау электр энергиясын жүзеге асыру көлеміне тікелей байланысты екендігін баса айтқан ол: "Сонымен қатар бізге Қырғызстан Үкімет басшысымен келіссөздерде уағдаласқан көлем шегінде Қырғызстаннан электр энергиясын импорттауға шектеу қою қажет", - деді.

Астана. 31 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатын импорттауға шектеу қоюы қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысы барысында Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, инвестициялық міндеттемелерді орындау электр энергиясын жүзеге асыру көлеміне тікелей байланысты екендігін баса айтқан ол: "Сонымен қатар бізге Қырғызстан Үкімет басшысымен келіссөздерде уағдаласқан көлем шегінде Қырғызстаннан электр энергиясын импорттауға шектеу қою қажет", - деді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 1 млрд. мегаватт көлемде электр энергиясын импорттау уағдаласқан. Қазіргі уақытта елімізге бұл көлемнің шамамен 700 млн. мегаваттан астамы жеткізілді. Вегетация кезеңін ескере отырып, жаз айларында тағы да кемінде 550 млн. киловат/сағат электр энергиясын алу қажеттігі туындайды. "Сондықтан "KEGOC" АҚ-на хаттама түрінде аталған келісімнің сақталуын тапсыруды сұраймыз",- деді бірінші вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны