07.09.2007, 16:01 2715

Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтау жоспарлануда - "ҚазМұнайГаз"

Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" атқарушы директоры Арман Дарбаев.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" атқарушы директоры Арман Дарбаев.

"Біз келесі жылы Қытайдағы мұнай құбырын да, газ құбырын да бастайтынымыз сөзсіз, бізде бұған қатысты ешқандай күмән жоқ, ал біз Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтауды жоспарлар отырмыз",- деді жұма күні ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөз сөйлеген А. Дарбаев.

Қазіргі уақытта, А. Дарбаевтың айтуынша, газ құбырын салу жобасы "белсенді әзірлеу" сатысында. Атап айтқанда, "бірінші участке бойынша инвестицияның негіздемесі әзірленуде", оны үстіміздегі жылдың қазанында аяқтау жоспарланып отыр.

Үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан - Қытай газ құбыры Өзбекстан шекарасынан Шымкент арқылы Қорғасқа өтеді. Оның қуаттылығы жылына 40 млрдқа жуық текше метр газды құрайды. Кейінірек екінші учаскені - Бейнеу - Бозой - Самсоновканы салу жоспарланған. "Екінші учаскенің қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрді құрайды",- деп нақтылап өтті "ҚазМұнайГаздың" өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны