08.02.2010, 13:34 1763

Қазақстан Қытай нарығына шикізат ресурстарын жеткізу саласында француз компанияларымен ынтымақтастық орнатудан үмітті - Келімбетов

Қазақстан Қытай нарығына шикізат ресурстарын жеткізу саласында француз компанияларымен ынтымақтастық орнатудан үмітті - Келімбетов

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Қытай нарығына шикізат ресурстарын жеткізу саласында француз компанияларымен ынтымақтастық орнатудан үмітті. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстан -Франция іскерлік кеңесінің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан - мұнайгаз және тау-кен өнеркәсібі саласындағы белсенді ойыншының бірі, сол себепті біз мұнайхимиясы, мұнайгаз саласындағы машина жасау, металлургияның барлық салалары мен химия өнеркәсібінің дамуы - Қазақстан экономикасының келешек түпқызығына айналады деп сенеміз", - деді Қ. Келімбетов.

"Біздің есептеуімізше, аталған салалардың өнімдері оңтүстік-шығыс Азия нарығына, ең алдымен әсіресе қарқынды өсіп келе жатқан Қытай нарығына бағытталады. Осы мәнінде аталған өнімдерді Азия нарығына шығару бағытында француз компанияларымен өзара ынтымақтастық үлкен қызығушылық тудырады", - деді ол.

Сондай-ақ, Қ. Келімбетовтың хабарлауынша, Қазақстан уран өнеркәсібін одан әрі дамытудан мүдделі. "Біз "Арева" компаниясымен арада уран өніміне деген сұраныстың, соның ішінде Қытайда да өсе түсетінін ескеріп, ынтымақтастық бағыттарын одан әрі дамытудан мүдделіміз", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны