30.06.2010, 11:11 3580

Қазақстан Қытайдан әкелінетін жүктерді рәсімдеу кезінде "бір терезе" қағидасын енгізуді жоспарлауда

Қазақстан Қытайдан әкелінетін жүктерді рәсімдеу кезінде "бір терезе" қағидасын енгізуді жоспарлауда

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы", ҚР Көлік және коммуникация министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қытайдан әкелінетін жүктерді рәсімдеу кезінде "бір терезе" қағидасын жүзеге асыратын ақпараттық-бағдарламалық өнімді құруда. Бұл туралы Одесса қаласында өткен халықаралық көлік форумы барысында Қазақстан Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының атқарушы директоры Илья Сегал мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Ресей темір жолының" порталы партнер.ru-ға сілтеме жасай отырып.

И. Сегал мәлімдегендей, қазіргі уақытта бірлескен жұмыс нәтижесі тәжірибелік пайдалану сатысында. Жоба халықаралық дәрежеде. Оның жұмысына Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамы мен Азия даму банкі қатысуда.

"Жоба мақсаты тиімді ақпарат алмасуды жүзеге асыру үшін көлікке қатысты үрдістердің барлық қатысушыларын түйістіру", - деп атап көрсетті И. Сегал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны