19.02.2016, 14:06 4684

Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайды

Қазақстан алдағы уақытта Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайды. Бұл жөнiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiӊ кеӊейтiлген алқа отырысынан кейiн журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан алдағы уақытта Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайды. Бұл жөнiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiӊ кеӊейтiлген алқа отырысынан кейiн журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiз Қытайға еӊ бiрiншi рет бидайды 2009-2010 жылдары экспорттадық. Ол кезде 20 тонналық бiр ғана КамАЗ жiберiлген болатын. Сол бiрiншi бидайды олар қарап, сараптап, импорттау туралы шешiм қабылдады. Бiрақ, бiрқатар кедергiлердiӊ себебiнен экспорт көлемi 100-150 мыӊ тоннадан аспайтын. Мұндағы кедергiлердiӊ бiрiншiсi - қытайлық фитосанитария қызметiнiӊ талабы бойынша, бидай арнайы қаптарға салынып, оныӊ аузы тiгулi болуы керек болатын. Бұл бидайды тиеу кезiнде және тасымалдау кезiнде, сондай-ақ, қажеттi жабдықты сатып алу бойынша қосымша шығындарды қажет еттi. Қазiр бұл кедергi алынып тасталды. Ендi, бидайды қапқа салмай-ақ, вагон немесе контейнерге тиеген күйде жеткiзуге болады. Екiншiден, квота бойынша белгiлi бiр шектеу болатын. Қазiр олар Қазақстанға өздерiнiӊ квотасын ұлғайтты. Нәтижесiнде, осы жылы Қазақстаннан 500 мыӊ тонна бидай алса, алдағы уақытта 1 млн тонна және одан да ұлғайтылатын болады", - дедi ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

А.Мамытбеков Қазақстанныӊ Иранға бидай экспортыныӊ көлемi артып келе жатқанын айтты.

"Алайда, Иран бүгiнгi күнi бидай қорыныӊ ауқымдылығына байланысты бидай импортына шектеу қойды. Алайда, жалпы алып қарағанда, экспорт көлемi ұлғайып келедi", - дедi министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны