05.09.2016, 11:20 2544

Қазақстан Қытаймен бірігіп электрондық сауда платформасын құруды ұсынды

"Қазақстандық бірқатар тауарлар Қытайда оӊ бағаға ие. Атап айтсақ, кондитерлік бұйымдар, ауыз су, ара балы. Электрондық порталдыӊ жоқтығынан біз оларға тауарларды таныстыра алмай отырмыз", - деді Б.Сағынтаев.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық интернет-дүкендер Қытайдыӊ сауда платформаларыныӊ базасында пайда болуы мүмкін, деп хабарлады pm.kz.

"Біз үшін әлемдік саудамен байланыстағы инновациялық тәжірибе өте маӊызды. Бұл орайда бізге жаӊа циклдіӊ электрондық сауда платформасын құру қажет. Оған құрғақ порт пен кедендік қызметтер интеграциялануы керек. Өте тығыз қарым-қатынаста екі елдіӊ пошта қызмет де жұмыс істеуі керек", -деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орныбасары Бақытжан Сағынтаев ҚХР Чжэцзян провинциясыныӊ Ханчжоу қаласындағы "JUMORE E-commerce Co., Ltd" басқармасыныӊ төрағасы Лу Хунсянмен кездесу барысында,

Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары айтып өткендей, бұл орайда қытайлық электрондық платформа негізінде қазақстандық электрондық интернет-дүкендерін ашу қарастырылған.

"Осы сынды дүкендерді жеке тұлғалар мен мемлекет аша алады. Мәселен, экологиялық таза өнімдерді сату туралы портал. Ол арқылы кез келген кәсіпкер өзіне қажетті тауарға тапсырыс бере алады. Қазақстандық бірқатар тауарлар Қытайда оӊ бағаға ие. Атап айтсақ, кондитерлік бұйымдар, ауыз су, ара балы. Электрондық порталдыӊ жоқтығынан біз оларға тауарларды таныстыра алмай отырмыз", - деді Б.Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны