05.05.2008, 14:03 1605

Қазақстан көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін темір жол тарифтерін 50 % төмендетті -Индустрия және сауда министрі

"Орталық Азия елдерінен жеткізілетін көкөніс өнімдерінің құнын төмендету мақсатында темір жол тарифтері 50% төмендетілді. Бұл көкөніс пен жеміс- жидектердің инфляциясын тежеуге көмек болады ", - деді В. Школьник.Министр хабарлағанындай, " ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында, министрлік "Қазагромаркетинг" компаниясымен бірлесе отырып...

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін темір жол тарифтерін 50 % төмендетті. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің селекторлық кеңесінде ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орталық Азия елдерінен жеткізілетін көкөніс өнімдерінің құнын төмендету мақсатында темір жол тарифтері 50% төмендетілді. Бұл көкөніс пен жеміс- жидектердің инфляциясын тежеуге көмек болады ", - деді В. Школьник.

Министр хабарлағанындай, " ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында, министрлік "Қазагромаркетинг" компаниясымен бірлесе отырып мамырдың аяғында Алматыда халықаралық Орталық Азиялық көкөніс форумын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған ірі көкөніс өнімдерін шығаратын және жеткізетін компаниялар шақырылатын болады".

Сонымен қатар, "12 мамырда Тәжікстан президентінің Қазақстанға ресми сапары басталады. Біздің шақыруымызбен Тәжікстанның көкөніс өнімдерінің жеткізушілері келеді".

"Біз нақты жеткізілетін көкөніс өнімдер көлемін анықтамақпыз, ал олар оны төмен бағамен әкелуге дайын ", - деп атап өтті ИСМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны