28.09.2009, 17:18 2906

Қазақстан көлемінде коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды - Ахметов

Қазақстан көлемінде коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды - Ахметов

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан көлемінде коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бізде коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды. Қарыздың құрылымына келсек, жылу қамтамасыздығы бойынша - 4,2 млрд теңге, электр қамтамасыздығы бойынша - 1,8 млрд теңге және су қамтамасыздығы - 1,8 млрд теңге", - деді ол.

"Сондай-ақ, бюджеттік ұйымдарда коммуналдық қызметтер бойынша жарты миллион теңгеге жуық берешек түзілді. Басты борышкерлер - тұрғындар, олардың берешегі - 5,1 млрд теңге", - деді вице-премьер.

С. Ахметовтың пікірінше, елімізде коммуналдық қызметтер үшін берешектің ұлғаюына әсер етіп отырған басты себеп "әкімдіктердің тиісті жұмыстар жүргізбеуіне, қарыздың қарқыны мен құрылымына қатысты талдау жүргізбеуіне байланысты. Жергілікті жерлерде онымен ешкім дерлік айналыспайды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны