01.12.2009, 18:34 3098

Қазақстан көмір мен жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға қаражат береді

Қазақстан көмір мен жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға қаражат береді

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан қайырымдылық көмек ретінде көмір мен жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға ақшалай қаражат береді. Осы жөніндегі келісімге бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Қырғызстан $5 млн 800 мың көлеміндегі қаржыға парапар Қазақстан көмірін күз-қыс маусымын жеңіл артқа тастау үшін қайырымдылық көмек ретінда алады. Өйткені, көршілес республикалардың келешек егістігін суаратын суды беру үшін жарық пен суды үнемдеу мақсатында жарықты өшірудің басты тауқыметін дәл осы Қырғызстан тұрғындары тартады", - деді құжатқа қол қою рәсімінен кейін журналистерге берген сұхбатында Д. Үсенов.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Қырғызстан жағына электр қуаты үшін төлемді алдын -ала төлеу жөніндегі шартқа қол қойылды.

"KEGOC" АҚ президентінің міндетін атқарушы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, "бұл жердегі әңгіме Қазақстан келесі жылы алатын 543 млн кВт-сағ электр қуаты туралы болып отыр. Баға үкімет басшылары деңгейінде келісілген, ол Қазақстан шекарасында 1 кВт/сағ үшін 3,4 центке тең".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны