11.10.2007, 16:28 3165

Қазақстан Констанца - Триест мұнай құбырын тартуға атсалысу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қазақстан Констанца - Триест мұнай құбырын тартуға атсалысу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Констанца - Триест мұнай құбырын тартуға атсалысу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Румыния үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырсының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

"Румыния жағы РЕОР жобасы аясында мұнай құбырын тұрақты ағынмен қамтамасыз ету үшін Қазақстан мұнайын тасымалдаудың нақты мүмкіндіктерін іздестірумен шұғылданатын бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды. Біз өз тарапымыздан бұл ұсынысты оң қабылдадық", - деді Б. Сұлтанов.

Қазақстанның кедендік статистикасының мәліметінше, Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 829,2 млн долларды құрап, 2005 жылғымен салыстырғанда ($534,8 млн) 55%-ке өсті. Ал Қазақстан тауарларының Румынияға экспортының көлемі 2006 жылы $747,1 млн болып, 2005 жылмен салыстырғанда ($460,2 млн) 63%-ке өсті. Қазақстан Республикасына импортталған румыния тауарларының көлемі 2006 жылы $82,1 млн долларды құрап, 2005 жылғымен салыстырғанда ($74,5 млн) 11%-ке өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны