06.06.2008, 17:02 2945

Қазақстан қор биржасы 2008 жылы АӨҚО арнайы алаңында IPO өткізуден үмітті

Қазақстан қор биржасы 2008 жылы АӨҚО арнайы алаңында IPO өткізуден үмітті

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасы 2008 жылы Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында IPO өткізуге үміт білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан қор биржасының вице-президенті Андрей Цалюк мәлімдеді.

"Біздің қаржылық кеңесшілеріміздің пайымдауынша, IPO 2008 жылы өткізілуі мүмкін. Биржаның басқармасы нарық коньюнктурасы бұны істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді", - деді А. Цалюк.

"Біз (биржа) АӨҚО алаңында болғымыз келеді. Осылайша орталық жобасына қолдау білдіреміз әрі күдіктенетіндерге өзіміздің бұған қалай қарайтынымызды көрсетеміз. Алайда, соңғы ресми шешімді қаржылық кеңесшілер берген мерзімде жариялайтын боламыз", - деді биржаның вице-президенті.

"Бұған дейін жарияланған және биржаның 2007-2010 жылдардағы даму стратегиясына енгізілген мерзімдер болжамдық мерзімдер болған. Оған біз ұмтылуға тиіс болатынбыз және солай істеп келдік", - деді ол.

Қазақстан қор биржасының вице-президентінің түсіндіруінше, биржа соңғы үш жылдағы консолидациялық қаржылық есеп бойынша аудиторлық қорытындыны жоспардағыдан біршама кеш алған.

"Нәтижесінде IPO дайындық кестесі түзетілді. Алайда, бұл дайындық жұмыстарының қарқынына әсер ете алмады. Биржаның директорлар кеңесінің мүшелерінің көпшілігі бұл жағдайға түсіністікпен қарайды. Оның үстіне жаз ортасында орналасудың еш мәні жоқ екенін ескеру қажет", - деді А. Цалюк.

Оның айтуынша, жаңа акциялардың айтарлықтай бөлігін биржаның қазіргі акционерлері сатып алады. Сол арқылы олар басымдыққа ие сатып алу құқықтарын пайдаланады.

Биржаның вице-президентінің пайымдауынша, алдағы Қазақстан қор биржасына орналасу Қазақстанның қор нарығына бұрынғыдан да жоғары капиталдандырылған биржаны беруі мүмкін. Биржа тартылған қаражаттардың айтарлықтай бөлігін жаңа сауда, есептік және ақпараттық технологияларды сатып алуға және енгізуге жұмсамақ ниетте.

"Отандық нарықта біздің өнеркәсіпшілеріміз назар аударатын тағы бір IPO болады. Біз жергілікті нарықтың мүмкіндіктерін көрсететін боламыз", - деп сөзін түйді А. Цалюк.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны