10.05.2007, 19:22 2996

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,98 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 10-мамыр. Kazakhstan Today. 10-мамыр - бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,66 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 119,98 теңгені құрады.

Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 43,865 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 42,690 млн. долларды құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны