24.05.2007, 18:03 2721

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 120,36 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. 24-мамыр - бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,38 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 120,36 теңгені құрады.

Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 91,420 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 289,080 млн. долларды құраған болатын.

Сауда-саттыққа 18 коммерциялық банк қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны