Система Orphus

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 127,84 теңгені құрады

31.10.2006, 11:41 5995

АЛМАТЫ. 31- қазан. Kazakhstan Today. 31 -қазан - сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,02 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 127,84 теңгені құрады.

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 414,300 миллион долларды құрады. Ал кеше АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 525,800 млн. долларды құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

    Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

    14.10.2021, 20:26 51733
    НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
     

    Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. 2020 жылы бұл елге мақалада көрсетілгендей 3,2 млн тонна емес, ҚР-да өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді", - деп хабарлады ведомствода.

     
    QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.
     

    Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың саұталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады", - деп атап өтті АШМ-де.

     
    Экспорттық баждарды енгізуге келетін болсақ: бұл мәселе бұрын талқыланды, бірақ Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде бұл шаралардың уақытынан бұрын жасалғандығы туралы пікір білдірді.
     
    Бұл ретте, ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, экспорт кезінде ҚҚС-ты жедел қайтару. Өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған.
     
    Экспортқа шектеулер енгізу табиғи жағдайларға байланысты өткен жылмен салыстырғанда төмен өнім алған фермерлердің қаржылық жағдайына әсер ететіндігін атап өткен жөн.
     
    Сонымен қатар, аграрийлер шындығында өнімділікті арттыру бойынша жұмысты күшейтуілері тиіс. Бұл ауыспалы егісті сақтау, тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Тиісті қолдау шаралары Үкімет жақында мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада көзделген.
     
    Бұл мәселе, сондай-ақ елдің АӨК экспорттық әлеуетін қолдау және дамыту саласындағы қызмет Қазақстан Үкіметінің тұрақты бақылауында.
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

    "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей кәсіпорны несиелік міндеттемелерден босатылады

    13.10.2021, 18:01 90478
    НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАЗАН - Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге түзетулер хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
     
    Хаттамаға сәйкес, "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы бюджеттік кредитті оның жарғылық капиталына айырбастау арқылы кредиттік міндеттемелерден босатылады және өз қызметін одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
     
    Бұдан басқа, "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін (оны құру рәсімі аяқталғаннан кейін) "Союз-5" зымыран тасығышын ұшырумен жүктеу кепілдіктері қамтамасыз етіледі, бұл оның ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
     
    Заң жобасының қорытындысында айтылғандай, хаттаманың қабылдануы Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін сақтау мен тиімді пайдалануда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мүдделерін ескере отырып, екі ел арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызмет етеді.
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

    Қазақстанда энергетикалық аудиттің жаңа нысандары енгізіледі

    13.10.2021, 17:51 91693
    НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАЗАН - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
     
    Заң жобасын таныстыра отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұл құжат Тұңғыш Президенттің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, яғни кәсіпорындардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейту және Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамада көзделген ЖІӨ энергия сыйымдылығын одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету бағытында әзірленгенін атап өтті.
     
    Заң жобасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге бағытталған. Жалпы Заңның 9-бабына өзгеріс енгізіліп, 2 жаңа баппен толықтыру көзделген. 
     

    Негізгі бағыттар - Мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиті, мемлекеттік бақылау, бюджет секторы және өңірлік саясат", - деп түсіндірді ИИДМ баспасөз қызметі.

     
    Энергетикалық тізілім шеңберінде жеке сектор үшін ақпарат тізбесін оңтайландыру ұсынылады. Мемлекеттік сектор үшін - бенчмаркинг жүргізу және ұсынымдар дайындау мақсатында автоматтандырылған жылу пунктімен жарақтандырылуы туралы, сондай-ақ басқа ақпаратпен толықтыру жолымен ақпарат тізбесін кеңейту ұсынылады.
     
    Сонымен қатар энергия аудиторларына үміткерлерді аттестаттау бойынша функцияларды қызметкерлердің лайықтылығын растау жөніндегі органдарға беру ұсынылады. Бұл шара сала сарапшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, нәтижесінде, жүргізілетін энергия аудиттерінің сапасы жақсарады.
     

    Заң жобасымен экспресс-энергоаудит және мақсатты энергоаудит енгізіледі. Нысанға бармай алдын алу бақылау тәртібі бекітіледі. Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту жөніндегі нормамен толықтырылады", - деді Мәжілістің баспасөз қызметінде.

     
    Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов энергия үнемдеу саясатын іске асыруда жергілікті атқарушы органдар маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Алайда бүгінде жергілікті деңгейде энергия үнемдеу жөніндегі шараларға бағытталған бағдарламалар жоқ.
     
    Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға үш жылға арналған жол карталарын қабылдау және іске асыру бойынша құзырет беру ұсынылады.
     

    Энергия үнемдеудің елеулі әлеуеті бар бюджет секторын реттеуді күшейту және бюджеттік шығындарды төмендету мақсатында мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеуді қамтамасыз ететін, сонымен бірге энергия тұтынатын жабдықтар нарығын қайта құруға серпін беретін энергия тиімді мемлекеттік сатып алуларды енгізу көзделген. Сондай-ақ, энергия тұтыну нормативтерін қабылдау, олардың сақталуына мониторинг жүргізу, бенчмаркинг және энергия тиімділік бойынша тиісті ұсынымдарды беру жоспарланып отыр",- деп атап өтті министр.

     
    Бұдан бөлек, бизнеске бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру мақсатында, энергия үнемдеу саласы үшін жаңа мемлекеттік бақылау тетігін - яғни субъектілерге бармай профилактикалық бақылауды енгізу, оны жүргізу тәртібін айқындау көзделеді.
     
     Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Ең көп оқылғаны