15.04.2010, 11:16 2659

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 146,58 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 146,58 теңгені құрады

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - 15 сәуір - бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,05 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 146,58 теңгені құрады.

Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 220,235 млн долларды құрады. Ал сәрсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 203,015 млн долларды құраған болатын.

Биржа ақпаратына сәйкес, теңгенің евроға шаққандағы орташа бағамы 199,80 теңге, сауда-саттық көлемі - 3 млн евро болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны