Система Orphus

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 11 пайызды құрады

04.06.2009, 13:33 588

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы 2009-жылғы 4 маусымдағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 11 пайызды құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір ""ТұранИлемБанкі" АҚ, "HSBC Банк Казахстан" АҚ-ның еншілес банкі, "Ситибанк Казахстан"АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ , "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны