25.07.2007, 13:06 2817

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгермей - жылдық 6,54 пайызды құрады

АЛМАТЫ. 25 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан қор биржасындағы 2007-жылғы 25-шілдедегі фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгермей - жылдық 6,54 пайызды құрады, хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір ""ТұранИлемБанкі" АҚ, "HSBC Банк Казахстан" АҚ-ның еншілес банкі, "Ситибанк Казахстан"АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ , "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ біріккен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны