19.12.2007, 19:20 3050

Қазақстан қор биржасындағы индекс 19-желтоқсанда 0,2 пайызға - 2604,24-ке дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы индекс 19-желтоқсанда 0,2 пайызға - 2604,24-ке дейін төмендеді

Алматы. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 2007 жылдың 19-желтоқсанындағы акция саудасының қорытындысы бойынша индексі 4,16 пунктке (0,2%) - 2608,40-тан 2604,24-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Биржаның ақпараттарына сүйенсек, күннің алғашқы мәмілесі индекс көрсеткішін 2608,40 деңгейінде көрсетті. Сауда барысында индекстің ең жоғарғы көрсеткіші 2638,18, ал төменгісі - 2597,19 деңгейінде болды.

19-желтоқсан күні индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша мәмілелер көлемі өткен күнмен салыстырғанда теңгелік баламада 1,7 есе азайып, 5238,6 млн теңгені немесе 43 млн 416,2 АҚШ доллары құрады.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір күндегі Қазақстан қор биржасы индексінің көрсеткіші ретінде сол күні биржада ең соңғы болып тіркелген индекс көрсеткіші алынады.

Қазақстан қор биржасы индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акция бағаларының өзгерісін көрсетеді. Бұл жерде акция эмитенттерінің капитализациялық деңгейі және еркін айналымдағы (free float) акцияларының үлесі ескеріледі. Сонымен бірге, біртектес акция бағасының индекс көрсеткішіне тигізетін әсері 15 пайыздан аспауы тиіс.

Көрсеткіш биржада әрбір мәміле жасалғаннан кейін қайта есептеліп отырады. Егер индексті есептеген күні қандай да бір акцияға мәміле жасалмаса, онда осы акциямен жасалған соңғы нәтижелі сауда мәмілесінің бағасы қолданылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны