07.08.2008, 20:00 3054

Қазақстан қор биржасындағы индекс 7 тамызда 2,1%-ға 2324,29 дейін өсті

Қазақстан қор биржасындағы индекс 7 тамызда 2,1%-ға 2324,29 дейін өсті

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 7 тамызында 48,06 пунктке (2,1%-ға) 2276,23-ден 2324,29 дейін өсті, деп хабарлайды агенттік.

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 2276,23 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 2324,29, ең төменгі мәні - 2276,23 болды.

Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 7 тамызда оның алдындағы сауда-саттық күнімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 5,2 есе өсіп, 765 млн теңге ($6370,8 мың) құрады.

Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.

Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.

Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны