12.05.2008, 19:27 2911

Қазақстан қор биржасының индексі 6 мамырда 0,4 % жоғарлап- 2655,86 құрады

Қазақстан қор биржасының индексі 6 мамырда 0,4 % жоғарлап- 2655,86 құрады

Алматы. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялау саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 12 мамырда 9,86 пунктке (0,4%-ға) жоғарлап, 2646,00 ден 2655,86 құрады, деп хабарлайды агенттік.

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 2646,00 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 2657,21 ең төменгі мәні - 2646,00 болды.

Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 12 мамырда оның алдындағы сауда-саттық күнімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 7,6 % төмендеп 312 млн теңге немесе $2588,3, мың құрады.

Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.

Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.

Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны