Система Orphus

Қазақстан қор биржасының индексі 8 сәуірде 1 % жоғарлап- 2611,39 құрады

08.04.2008, 18:58 929

Алматы. 8 сәуір."Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялау саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 8 сәуірінде 25,44 пунктке (1%-ға) жоғарлап, 2585,95 тен 2611,39 дейін өсті, деп хабарлайды агенттік.

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 2586,31 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 2611,39, ең төменгі мәні - 2586,31 болды.

Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 8 сәуірде оның алдындағы сауда-саттық күнімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 5,6 % көтеріліп, 623,4, млн теңге немесе $5171,5 мың құрады.

Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.

Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.

Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны