25.01.2008, 18:46 3294

Қазақстан көрші елдердің экономикасына инвестиция салуды өсірді - Мәсімов

Қазақстан көрші елдердің экономикасына инвестиция салуды өсірді - Мәсімов

Мәскеу. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан көрші елдердің экономикасына инвестиция салуды өсірді. Бұл туралы Кәрім Мәсімов ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің Мәскеуде үкімет басшылары деңгейінде өткен кезекті мәжілісінде сөйлген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан көрші елдердің экономикасына инвестиция салуды өсірді және де келешекте инвестициялық саясатты пәрмендендіру, сондай-ақ аймақтық байланыстарды нығайту ниетінде. Қазақстан интеграциялық процесстерді қолдайды және де оны тереңдетуге және кеңейтуге тырысатын болады",- деді К. Мәсімов.

Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудинов өзінің сөйлеген сөзінде, Қырғызстанның 2007 жылы ЕурАзЭҚ жекелеген елдерімен арадағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскендігін хабарлады. Атап айтқада, Беларусь Республикасымен арадағы тауар айналымы 20 пайызға, Қазақстанмен 30 пайызға, Ресей Федерациясымен - 45 пайызға, Тәжікстанмен - 3 пайызға, Өзбекстанмен - 9 пайызға өскен.

"ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің жекелеген мекемелерінің қарсылықтарын жеңіп, Қоғамдастық азаматтары үшін адамдардың қарыс-қатынасы мен тауар алмасуға, бизнес енгізуге, транзитке жасанды кедергілер жасамайтын жағдай жасау жөніндегі саяси шешімдер қабылдау керек. Адамдар ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде өмір сүрудің қандай болатындығын нақты сезінулері қажет",- деп атап өтті қырғыздың премьер-министрі.

Сергей Сидорский, "Беларусь экономикасы үшін де, ЕурАзЭҚ мүше басқа мемлекеттердің экономикасы үшін де 2007 жылдың күрделі жыл болғандығын" атап өтті. "Жалпы дүниежүзілік келеңсіз беталыстар, шикізаттың, материалдардың, ауылшаруашылық өнімдерінің қымбаттауы, валюта нарығындағы шеленіскен жағдайлар да өзіндік әсер етті", деді ол.

ЕурАзЭҚ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Армения, Молдавия және Украина ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушылар статусына ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны