02.07.2014, 20:34 3883

Қазақстан қуатты индустриялық мемлекетке айналуы керек - Н.Назарбаев

Екінші бесжылдық өнеркәсіпті стратегиялық бақылау түрінде жүзеге асырылатын болады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 6,6 трлн теңгені құрайды. Соның ішінде 90 пайызы жеке инвестиция болмақ.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Біз шикізат өндіруші емес, қуатты индустриялық мемлекетке айналуымыз керек, деп мәлімдеді бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елді индустрияландыру бойынша жиын барысында.

"Индустрияландыру қарқынын үдете түсу бізге ауадай қажет. Біз барынша максималды түрде өндірістік қуатымызды жаңғыртып, индустриялық державаға айналуымыз керек. Шикізатқа тәуелділіктен құтылған жөн. Еліміздің алдында осындай үлкен міндет жүктелген", - дейді Елбасы.

Оның айтуынша, Қазақстан бірінші бесжылдықта елдің шағын және орта бизнесіне қуат берген экономика бағыттарына маңыз берді.

" Ол үшін барлық үкімет болып жақсы жұмыс істеу керек. Бұл біздің 2019 жылға қарай 2012 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте мынадай жетістіктерге жетуімізге мүмкіндік береді. Біріншіден, өндірілетін өнім көлемінің артуы 43% құрайды", - дейді.

Сонымен қатар, Президент еңбек өнімділігінің 4,5 есеге артатынын айтып, 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны