19.07.2006, 15:24 3053

Қазақстан Латвияның теңіз порттарын алуға қызығушылық танытып отыр

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Латвия президенті Вайра Вике-Фрейбергпен Ригада болған келіссөзден кейін өткізген баспасөз маслихатында Қазақстан Латвия теңіз порттарын алуға және инвестициялық қарым-қатынасты арттыруға ықтияр екендігі туралы мәлімдеді.

«Қазақстан қазірде капиталын экспортқа шығаруда. Өткен жылы қазақстандық компаниялардың сыртқы рыноктағы инвестиция көлемі $15 млрд. Кұраған», - деді Н. Назарбаев. Президент Қазақстанның латвиялық сауда порттарына қызығушылық танытып отырғандығын мәлімдеді. Сонымен қатар, елбасы Латвияның қытай нарығына шығуға ықтияр екенін атап өтті. Сөз сөңында Н. Назарбаев «Екі тарапқа тиімді ынтымақтастықты дамытуға кедергі болатындай ешқандай проблема жоқ», - деді.

Латвия президенті өз кезегінде Қазақстанмен ынтымақтастық аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктің барын айтты. «Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекет. Қазақстанның адамзат ресурстарын дамытуға улкен үлес қосып отырғаны өте маңызды», - дейді Вайра Вике -Фрейберг. Ол, баспасөз- маслихатында, IT-білім, транзиттік-көлік саласында Қазақстанмен жұмыс істеуге көп мүмкіндігіміз бар, деп мәлімдеді.

Келіссөздер қортындысы бойынша, екі ел президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Атап айтқанда, мәлімдеме Латвия Республикасының ОБСЕ төрағалығына Қазақстан кандидатурасын қолдайтындығын айғақтайды. Сонымен қатар, латвия жағы Қазақстанға бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру мәселесінде барынша қолдау көрсетуге әзір екендерін білдірді.

Келіссөздер барысында, Вентспилс портына бағытталған қазақстандық көмірсутегі шикізатын еуропа рыногына экспортқа шығаратын құбырды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру туралы келісімге қол жетті. Астана қаласы әкімшілігі мен Латвияның Рига думасы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Баспасөз-маслихаты соңында ел басшылары Азаттық монументіне гүл шоқтарын қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны