14.04.2014, 19:24 3379

Қазақстан мен Бахрейннің сауда-өндірістік палатасы іскерлік кеңес құрады

Бүгін "Бахрейн-Қазақстан: стратегиялық серіктестік" бизнес форумында екі мемлекеттің бизнес саласын үйлестіріп отыратын Қазақстан мен Бахрейннің Сауда-өндірістік палаталары арасында іскерлік кеңесін құру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін "Бахрейн-Қазақстан: стратегиялық серіктестік" бизнес форумында екі мемлекеттің бизнес саласын үйлестіріп отыратын Қазақстан мен Бахрейннің Сауда-өндірістік палаталары арасында іскерлік кеңесін құру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

"Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялыр министрлігі Бахрейннің өндіріс және коммерция министрлігімен екі мемлекеттің шағын және орташа кәсіпорындары мен алюминийді қайта өңдеу бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, қаржы секторы бойынша "Бахрейн Мумталакат" холдингісімен "Бәйтерек" қаржы холдингісінің арасында ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Бұдан басқа, "Самұрық-Қазына"ҰИҚ меморандумға отырдық. Сондай-ақ, Қазақстан мен Бахрейннің Сауда-өндірісітік палаталары арасында іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қойылады", - деп Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев хабарлады.

Сонымен қатар ол, осы жылы күрделі жекешелендіру жобасы басталады, яғни "Самырұқ-Қазынаның" көптеген компаниялары жақын арада жекешелендіріледі, деп атап өтті.

Осы ретте И. Исекешев Қазақсттанның Бахрейнмен ынтымақтастығы аясында жоғары әлеуетті салаларды атады.

"Бахрейнде алюминий қайта өңделеді. Ал, Қазақстанда оның қоры мол және біз 250 мыңнан астам металл алюминий өндіреміз. Біздің алдымызда алюминийді қайта өңдеу міндеті тұр. Жалпы өзіміздің тарапымыздан біз инвестиция және өндіріс бойынша ынтымақтастық деңгейін жаңа жоғары деңгейге көтеруге дайынбыз. Сонымен қатар біздің пайымымызша ауылшаруашылығы бойынша серіктестіктің әлеуеті зор. Қазақстанның бидайды өндіру және экспорттау, бұдан басқа ет экспорты бойынша әлеуеті зор", - деді ведомство басшысы форумда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны