09.11.2012, 11:37 3811

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда саттық 2011 жылы 30,2 пайызға өскен

Кедендік одақ жұмыс істей бастағаннан бері Қазақстан, Ресей және Беларуссия арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын артып келе жатқаны байқалады, деп хабарлады ҚР ЭДСМ баспасөз қызметінен.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда саттық 2011 жылы 30,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік одақ жұмыс істей бастағаннан бері Қазақстан, Ресей және Беларуссия арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын артып келе жатқаны байқалады, деп хабарлады ҚР ЭДСМ баспасөз қызметінен.

"2010 жыл ішінде Белоруссиямен өзара сауда көлемі 55,8% өсті, ал 2011 жылы Ресей және Белоруссиямен өзара сауда өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 30,2 % өсіп, Қазақстанның жалпы тауар айналымының 19,4% құрады", - делінген ведомство хабарламасында.

Белоруссиядан Қазақстанға жеткізілетін тауарларға қатысты қанттың физикалық көлемінің импорттық бағаның 41,4% төмендеуі жағдайында 1,5 мың тоннадан 33,3 мың тоннаға дейін артуын атап өту қажет (импорттың құн көлемі 1,6 млн доллардан 20,3 млн долларға дейін ұлғайған).

Хабарламада көрсетілгендей, Беларусь Қазақстанның ТМД-ғы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның жалпы сыртқы сауда көлемінде 54 млрд доллардан 66,5 млрд долларға дейін (23,3%) өсу байқалады. Сыртқы саудадағы өсім экспорттың 20,7%, импорттың 29,7% өсуімен көрінеді.

Оның ішінде Кедендік одақ елдерімен сыртқы сауда көлемі 40% артып, 16,5 млрд долларды немесе Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18,5% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны