22.09.2017, 18:44 5559

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымын 2020 жылдары 1 миллиард АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр

Бүгін Қарағандыда Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық сауда -экономикалық ынтымақтастық комиссиясыныӊ (ҮАК) 13-ші отырысы өткізілді.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағандыда Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық сауда -экономикалық ынтымақтастық комиссиясыныӊ (ҮАК) 13-ші отырысы өткізілді.

Қазақстандық тарапты ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары А. Мамин, Беларусь тарабын - БР Премьер -Министрініӊ Бірінші орынбасары В. Матюшевский басқарды.

ҮАК отырысы барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, ғылым және технология, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

А. Мамин Қазақстан мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақтағы, кеӊестік кеӊістіктегі елдерді біріктірудегі ықпалдастығы секілді барлық деӊгейдегі мемлекетаралық байланыстардыӊ табысты жүргізіліп келе жатқандығына тоқталды.

Тараптар 2017 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымыныӊ артқандығын ерекше атап өтті. Мәселен, 2017 жылғы қаӊтар-шілде аралығындағы сауда айналымы 313,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,6% өскендігі байқалды.

"2020 жылдарға қарай біздіӊ елдеріміздіӊ арасындағы сауда айналымын 1 млрд. АҚШ долларына жеткізуіміз керек",- деп атап өтті А.Мамин.

ҮАК қазақстандық тарабыныӊ теӊтөрағасы А. Маминніӊ айтуынша, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерініӊ өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистикалық секторда, ғарыш саласында, агроөнеркәсіп кешенінде, мәдени- гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті.

Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік-логистикалық ықпалдасуды дамытудағы және шығаратын өнімдердіӊ түрлерін көбейтіп, аудандастырудағы екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ықылас танытты.

"Соӊғы жылдары өӊіраралық серіктестіктегі тұрақты өсім байқалады",-дей келіп В. Матюшевский: "бүгінгі таӊда Белоруссияда қазақстандық инвестицияныӊ қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын қызмет етеді. Беларусь тарабы инвестициялық жобалар мен өзара тиімді инвестицияларды одан әрі жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді",-деп атап өтті.

Тараптар мал өсіру және өсімдік шаруашылығы, мелиорация және жерді суландырусекілді бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, ынтымақтастықтыӊ болашағы зор бағыттары бойынша бірлескен Жұмыс тобын құрудыӊ мүмкіндігін қарастырды.

Оныӊ сыртында, қазақстандық компаниялардыӊ ауыл шаруашылығы өнімдерін БР-ға, ал Беларусь өнімдерін ҚР-ға жеткізу жайларын талқылады.

Биылғы жылғы қарашада Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Беларусь Іскерлік кеӊесін құру жөніндегі Келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Үкіметаралық Қазақстан-Беларусь сауда -экономикалық комиссиясы (ҮАК) 13-ші отырысыныӊ қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А. Мамин Қарағанды облысына сапары барысында "Оӊтүстік- Солтүстік" автокөлік дәлізініӊ Қарағанды- Теміртау теліміндегі құрылыс барысына инспекторлық тексеру жүргізіп, құрылыс басында көшпелі кеӊес өткізді. Аталмыш жоба "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 14 шақырымдық автожолда жолдыӊ үстіӊгі жабындысы төселіп, көліктік жол айырықтарыныӊ құрылысы жүргізілуде. Құрылыс нысанын 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Қазіргі таӊда жол құрылысын жүргізшілердіӊ алдындағы басты міндет -жергілікті тұрғындардыӊ қатынауына қиындық туғызбай, жол телімін жаӊғырту жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы етіп тапсыруды қамтамасыз ету",- деп атап өтті А. Мамин.

А. Мамин өӊірге сапары барысында "ҚазБелАЗ" БК, тау-кен байыту құрал- жабдықтарын шығаратын кәсіпорны, автокөлік құралдарын өтелге шығару кешені, жылына 4 миллион иньекциялық препараттар қорабын шығаруға мүмкіндігі бар фармацевтикалық кәсіпорындарында болып, жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны