12.09.2007, 14:50 2769

Қазақстан мен Беларусь энергетика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші

Қазақстан мен Беларусь энергетика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан мен Беларусь энергетика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші. Бұл туралы бүгін Беларусь үкімет басшысы Сергей Сидорскиймен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов хабарлады.

"Қазақстан Беларусь елінің электр қуатын өндіру саласын реформалау және қуат үнемдеу бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесіне қызығушылық танытады. Біз бүгін осы мәселе бойынша пікір алмастық және меніңше, Қазақстан Беларусь елінің осы саладағы тәжірибесінен тәлім ала алады", - деді Қазақстан премьер-министрі.

К. Мәсімовтың нақтылауынша, "көмірсутегі шикізаты саласында Қазақстан энергетикалық ресурстарды тасымалдау және оларды беларусь аумағында жартылай өңдеуге қызығушылық білдіреді". "Бүгін біз келіссөздер барысында осы мәселелер бойынша кеңінен сөз қозғадық", -деді ол.

Өз кезегінде Беларусь үкімет басшысы бүгінгі келіссөздер аясында Қазақстанның электр қуатын өндіру саласында серпінді жобаларды жүзеге асыруы мәселелеріне де баса назар аударылғанын хабарлады. "Біз Қазақстан мемлекет басшысы осындай жобаларды жүзеге асыру саласында үкіметтің алдына қойып отырған мәселелерді дәйекті талқылап, Беларусь жағының электр жалғастыру желілері мен ЖЭО салу және жаңалау жөніндегі қазақстандық жобаларға атсалысу мүмкіндігі қарастырылады деген мәмілеге келдік", - деді ол.

"Біз сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиямыз энергетика саласындағы ықпалдастыққа қатысты нақты құжаттар мен ұсыныстарды екі елдің үкіметтеріне таяу уақыттарда қарауға ұсынады деп келістік", - деді Беларусь үкімет басшысы.

С. Сидорскийдің атап көрсетуінше, Беларусь мұнайхимиясы саласында Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытудан мүдделі. "Біз мұнайхимиясы саласындағы біздің кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті Қазақстанда пайдаланылуынан мүдделіміз", - деп атап өткен С.Сидорский бұған қоса Беларусь жағының Қазақстанда азотты-фосфорлы тыңайтқыштар зауытын салу жобасына атсалысу мүмкіндігі қаралады деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны