04.10.2011, 17:26 4506

Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шартқа қол қойды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Болгария Республикасының Экономика, энергетика және туризм министрі Трайчо Трайковпен кездесті. Кездесу қорытындысына сәйкес, экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жасалды.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Болгария Республикасының Экономика, энергетика және туризм министрі Трайчо Трайковпен кездесті. Кездесу қорытындысына сәйкес, экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жасалды.

"Біз Болгарияны энергетикалық және транзитті-көліктік аспектілер тұрғысынан маңызды орналасқан негізгі мемлекеттердің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл ретте Қазақстан мен Болгария транзитттік мемлекеттер болып табылады, және менің ойымша біздер үшін транзиттің әлеуетін дамыту мәселесі аса маңызды болып табылады", - деді кездесу барысында И. Исекешев. Оның айтуынша, Қазақстанда болгариялық компаниялардың қатысуымен 55 компания жұмыс істесе, Болгарияда бұндай 35 компания бар. Ал екі мемелкет арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 250 млн. долларды құраған.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Т. Трайков Болгария үкіметінің Қазақстанда жұмыс істегісі келетін компанияларға ынталандыру шараларын қолдап отырғанын мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны