02.10.2009, 11:56 3135

Қазақстан мен Бразилия арасында бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселесі дәйектелуде

Қазақстан мен Бразилия арасында бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселесі дәйектелуде

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Бразилия арасында бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселесі дәйектелуде. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан - Бразилия бизнес-форумы барысында ҚР индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ерхат Есқалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Бразилия арасында қазір өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау, жанама салықтар бойынша өзара жеңілдіктер беру принципін сақтау туралы және базалық техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселесі дәйектелуде.

Оның айтуынша, бүгінгі жағдаймен машина жасау, жеңіл және құрыш балқыту өнеркәсібі мен жоғарғы технологиялар салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары. Сондай-ақ, "авиация, ғарыш, транспорт, денсаулық сақтау, минералды тыңайтқыштар мен энергетикалық шикізат экспорты салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі зор", - деді Е. Есқалиев.

"Біз Бразилиямен арадағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудан мүдделіміз. Қазіргі күні Қазақстан мен Бразиялияның сыртқы сауда айналымы $274 млн құрайды", - деді вице-министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша тепе-теңсіздік бар. "Қазақстанның экспорты $26,6 млн, Бразилиядан келетін импорт $247 млн құрайды", - деді Е. Есқалиев.

Вице-министрдің айтуынша, "Қазақстан - Бразилия бизнес-форумы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемін ұлғайта теңестіруді көздейді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны