18.06.2009, 09:59 1465

Қазақстан мен Бразилия екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытудан мүдделі

Қазақстан мен Бразилия екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытудан мүдделі

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Бразилия екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытудан мүдделі. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Силваның кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда- экономикалық қарым- қатынастарды дамытудың жай-күйі туралы әңгіме өрбіді.

Тараптар экономиканың түрлі салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуда екі жақ та мүдделі болып отырғанын жеткізді.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы экономикалық өзара байланыстардың әлеуеті жаңа үлгідегі қарым-қатынасқа - жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруға ден қоюға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Луис Инасиу Лула ла Силва екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға да мүдделі екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың әрі қарай сәтті дамитынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны