05.06.2015, 12:27 4818

Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара сауда көлемі 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 53 млрд долларды құрады

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша, Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 53 миллиард АҚШ долларына жетіп, еліміздіӊ сыртқы сауда айналымыныӊ 53 пайызын құрады, деді Сыртқы істер министрлігініӊ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дәмегүл Қабиева ЕҰУ-дегі конференцияда

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша, Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 53 миллиард АҚШ долларына жетіп, еліміздіӊ сыртқы сауда айналымыныӊ 53 пайызын құрады, деді Сыртқы істер министрлігініӊ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дәмегүл Қабиева ЕҰУ-дегі конференцияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастық Стратегиясын жаӊарту идеясын қолдайды, біз оныӊ қайта қаралғандығын қалаймыз. Біздіӊше, ЕО пен Орталық Азия (ОА) арасындағы Стратегияныӊ жаӊартылуы осы уақытқа дейін негізі қаланған ынтымақтастықты нығайта түседі. Биылғы жылдыӊ қаӊтар айында Стратегияны қайта қаруға қатысты өзіміздіӊ ұсыныстарымызды беріп жібердік. Стратегияныӊ бірінші нәтижелеріне келетін болсақ, ЕО мен ОА елдері арасындағы Астанада заӊ үстемдігі бойынша өткен төртінші министрлік конференциясын айту керек. Заӊ үстемдігін қамтамасыз етуде еуропалық әріптестермен ынтымақтаса қызмет ету Қазақстан үшін өзекті мәселе",-деді Д.Қабиева, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, Қазақстан келесі жылдыӊ күзінде ЕО мен ОА арасындағы кезекті конфренцияны өткізуге дайын отыр.

"Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастық белсенді жалғасуда, бірінші кезекте бұл жоғары саяси ынтымақтастық серпіні. Жыл соӊына дейін біз Қазақстан мен ЕО арасындағы кеӊейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. ЕО біздіӊ бірінші инвестициялық әріптесіміз болып қала береді. 10 жыл ішінде тауар айналымы 13 есеге артты, Қазақстан экономикасына салынған еуропалық инвестициялардыӊ көлемі 10 есеге көбейді. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша, өзара сауда көлемі 53 миллиард АҚШ долларынан асып түсіп, еліміздіӊ сыртқы суда айналымыныӊ 53 пайызын құрады. Қазақстанда 6 мыӊға жуық еуропалық компаниялар бар, біз Қазақстанныӊ ДСҰ-на кіруін күтіп отырмыз және бұл үдеріс барысында ЕО көрсетіп отырған қолдауды жоғары бағалаймыз",-деді елші.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны