08.02.2008, 18:01 3157

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы өткен жылы $4,68 млрд құрады - Ғ. Оразбақов

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы өткен жылы $4,68 млрд құрады - Ғ. Оразбақов

Астана. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы өткен жылы $4,68 млрд құрады. Бұл туралы бүгін қазақ-француз іскер топтарының қатысуымен өткен бизнес-форумында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кедендік статистикасының мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $4,68 млрд құрады", - деді Ғ. Оразбақов.

Министр атап өткеніндей, бүгінгі шаралар Қазақстан мен Францияның іскер топтарының экономикалық мүдделерін жақындастырып, болашақтағы қарым -қатынастардың жаңа бағыт-бағдарларын айқындап беруге мүмкіндік береді.

"Бүгінгі күні Қазақстанда инженерлік -техникалық қызмет, сәулетшілік, туризм, көлік және құрал-жабдықтар саудасы, мұнай және газ өндірісі сияқты салалары бойынша қызмет көрсететін 52 қазақ-француз бірлескен кәсіпорны тіркелген ", - деді Ғ. Оразбақов.

Ол атап өткеніндей, "Франциядан Қазақстанға электрлік, электрондық және механикалық жабдықтар, тұтыным тауарлары, дәрі- дәрмек пен косметика, көлік, азық-түлік, құрылыс материалдары импортталады. Франция негізінен элиталық болып саналатын тауарларды, оның ішінде- шарап, теңіз өнімдері, ірімшік, парфюмерия мен косметики, киім-кешек және аксессуарларды жөнелтеді".

Оның сөздері бойынша, Қазақстанға салынған шетелдік инвестициялар көлемі жағынан, Франция бесінші орында. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 1994 жылдан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін қазақ экономикасына Францияның құйған жалпы инвестиция мөлшері $3,7 млрд құрады.

"Франция ғана Қазақстанға инвестиция салып отырған жоқ, Қазақстан да Францияның экономикасына қаржы құйып отыр. Қазақстан 2004 жылдан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Франция экономикасына $262,2 млн жұмсады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны