03.04.2007, 10:57 1516

Қазақстан мен Грузия экономика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ТБИЛИСИ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов пен Грузияның экономикалық даму министрі Георгий Арвеладзе Грузия-Қазақстан үкіметтік экономикалық комиссиясының үшінші отырысы аясында дүйсенбі күні Тбилиси қаласында экономика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Г.Арвеладзенің айтуынша, Грузия мен Қазақстан жаңа меморандумға қол қойды. Соның негізінде екі ел арасындағы бұдан былайғы экономикалық ынтымақтастық аясы айқындалды.

"Грузия мен Қазақстанның ортақ экономикалық келешекке қатысты нақты әрі біртұтас көзқарастары бар. Осындай жемісті ынтымақтастықтың көмегімен біз аймақтық экономикалық дамуға жағдай жасауға тиіспіз. Бұл жерде тек Грузия туралы ғана емес, Жібек жолында орналасқан барлық елдер туралы да сөз болып отыр",- деді Г.Арвеладзе.

Атап айтсақ, Қазақстан мен Грузияның біріккен комиссиясының отырысының соңында транспорт, сауда, экономика, ауылшаруашылығы және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар келісімге келіп, Баку-Тбилиси-Карс темір жол магистралі пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан осынау жаңа транспорттық дәлізді жылына 10 млн тонна жүк тасымалдау мақсатында пайдаланады деген мәміле жасалды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында меморандум шеңберінде Грузия, Қазақстан және Изербайжан арасындағы ортақ көлік дәлізінің бәсекелестік қабілеті мен тауар айналымын арттыру мәселері бойынша үш жақты ынтымақтастыққа баса назар аудару жоспарлануда.

Өз кезегінде С.Ахметовтың айтуынша, осы мәселелер бойынша мамырда біріккен үш жақты косультациялар басаталады. Оған Грузия, Қазақстан және Изербайжан атсалысады.

"Біз министрмен мамыр айында министрлердің орынбасарлары деңгейіндегі кездесуге үшінші жақ - Изербайжанды да шақырамыз деп келістік. Өйткені, бірқатар мәселелерді үш жақты келіссөздердің деңгейінде, сарапшылар мен орынбасарлар деңгейінде талқылау қажеттігі туындап отыр",- деді С.Ахметов.

Грузия мен Қазақстан сондай-ақ әріқарай сауда-экономикалық құқықтық базаны жетілдіруге, еркін сауда мәселелері бойынша ертеректе қол қойылған келісімдерге кейбір өзгерістер енгізуге баса назар аударуға келісті. Бұған қоса қаржы саласында Грузияның Қазақстанға берешегін қайта құрылымдау мәселелері қаралмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны